Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол жөндеу жұмыстары жанданды

0 87

Жол – экономиканың күре тамыры. Сондықтан да жол жөндеу жұмыстары әрдайым айрықша маңызға ие. Тақтайдай тегіс жол жайлылық сыйлап ғана қоймай, тұрғындар қауіпсіздігінің де кепілі. Бүгінгі күні шаһарда жол жөндеу жұмыстары қарқын алып жатқаны баршаға белгілі.

Тараз қаласында қазіргі таңда 1 445 көше жолдары бар. Оның ішінде асфальт жолдары бар көшелердің саны – 838, шағал тас жолдары бар көшелердің саны – 607. Жолдардың жалпы ұзындығы – 1 888,5 шақырымды құрайды.

Ағымдағы жылы ұзындығы 86,8 шақырымды құрайтын 44 жобаны (144 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 7 жаяу жүргінші жолы (ұзындығы 6,9 шқ)) орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 3 361 748,9 мың теңге бөлінді.

Бүгінгі күнде конкурс нәтижесі бойынша 44 нысанда мердігер («KATSA» ЖШС – 12 нысан, «B grass» ЖШС – 20 нысан, «Рауан» ЖШС – 2 нысан, «Estet Stroy» ЖШС – 2 нысан, «Ерлан и К» ЖШС – 2 нысан, «Dauren Build» ЖШС – 2 нысан, «Арайстрой-GROUP» ЖШС – 1 нысан, «Нұрлы Жол-7» ЖШС – 1 нысан, «Ерасыл-Құрылыс 2013» ЖШС – 1 нысан, «АрҚас-А» ЖШС – 1 нысан), 41 нысанда (133 көше) техникалық қадағалаушы анықталды. Сондай-ақ, 14 нысанда асфальт жабындысы төселді. Бұдан бөлек, қайта жаңғырту бойынша 2 нысан жүзеге асырылуда. Жобаларының жалпы құны 1 140 278,828 мың теңге, ұзындығы 5,6 шақырымды құрайды. 2023 жылға жалпы – 868 161,0 мың теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда, Шостакович–Момышұлы көшесінің 4 бұрылысы қиылысы аралығында асфальт жабындысының 1-қабаты салынса, Жансүгіров көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жұмыстар аяқталды, Сондай-ақ, Саңырақ батыр көшесінен бастап Момышұлы көшесі аралығында асфальт жабындысының 1-қабаты салынды, Момышұлы көшесінен бастап көпірге дейін кеңейетін жол бөлігінде жұмыстар жүргізілді. Ташкент және Мәмбет батыр нысандары бойынша, 2023 жылға облыстық бюджеттен 166 855,475 мың теңге қаралды. Бұл бойынша құрылыс материалдарының қоқыстарын шығару, съездерде жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта 2 дана автобус аялдамасын орнату, жол бөлігін таңбалау, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Ал Ташкент көшесі, мердігер «АрайстройGROUP» ЖШС-мен құрылыс-жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ал көптен бері мәселесі шешілмей келе жатқан «Бурыл» массивін орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Арайстроймаркет» ЖШС-і. Келісім-шарт құны – 3,4 млрд.теңге.

Бүгінгі таңда, жергілікті бюджет есебінен 330 млн.тг. және республикалық бюдждет есебінен 100 млн. теңге қаражат қарастылып, негізгі қоғамдық көлік қатынайтын жолдар асфальтталатын болады. Қалған жұмыстар 2024 жылға қарастырылған.

Сондай-ақ,          Тараз қаласы «Барысхан» тұрғын алқабын асфальттау бойынша жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп. Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз анықталуда. ҚМЖ 2024 жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Жолдарды ағымды жөндеуге келсек, мердігер «Нұрлы Жол-7» ЖШС-мен 164 000 мың теңгеге келісімшарт жасалып, 29 904 шаршы метрді ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, үнемделген қаражат есебінен 4 622 шаршы метрді ағымды жөндеуге «RusStroy» ЖШС-мен 23 875,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып, жұмыстар толығымен тәмамдалды.

Бұған қоса қаладағы мөлтек аудандарың ішкі жолдарын ағымды жөндеуге «Ерлан и К» ЖШС-мен жұмыстар басталды. Одан бөлек саяжай алқаптарына баратын жолды ағымды жөндеуге «НұрАбдрахман жолдары» ЖШС-мен келісімшарт 22 400,0 мың теңгеге жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Ал қала көшелерін апаттық қалпына келтіру жұмыстарына жеңімпаз мердігер «RusStroy» ЖШС-мен 31 215,520 мың теңгеге келісімшарт әзірленуде.

Шаһардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше екпін түсірілуде. Соның нәтижесінде биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 320 000,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде, 53 300,0 мың теңгеге «СтройМонтажGroup» ЖШС-мен қаңтар-ақпан айларында 280 жол белгісі, 3 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды. Ал 266 700,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Оның ішінде 1500 дана жол белгісін орнату, 1000 метр жасанды кедергі орнату, жаяу жүргінші өтпесін абаттандыру, бағдаршам нысандарын күтіп-ұстау, жол бөлігін бояумен және пластикпен таңбалау жұмыстары қарастырылған.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Абай даңғылындағы 2 көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге «ДӘН-Қо» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.