Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

0 259

Жол – тіршіліктің күретамыры. Тақтайдай тегіс жолдар тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, ерекше әсер сыйлайды. Бүгінде облыс орталығы Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ, қазіргі таңда шаһардағы 4 нысанда орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, олар: №15 «Ұлы дала» ықшамауданына кіреберіс жол, Жамбыл-Төле би даңғылының оңға бұрылатын жолағы, Пірімқұлов, З-Завод көшелері. Осы соңғы аталған З-Завод көшесіне бүгін асфальт жабындысы төселуде. Ұзындығы 1,46 шақырым, ені 3,5-5 метрді құрайтын көшенің құрылыс жұмыстарын «B-grass» ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалаушысы – «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС.
Қалған үш нысанда да асфальт төсеу жұмыстары басталды. «Жамбыл-Төле би даңғылы оңға бұрылатын жолақ (ақылды жаяу жүргінші өтпесі бар)» нысанының Төле би көшесі бойынша ұзындығы 379 метр, ені 4 метрді құрайды. «B grass» ЖШС-нің мердігерлігімен салынып жатқан нысанның техникалық қадағалаушысы «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС болса, авторлық қадағалаушысы – «ТДС СтройПроект» ЖШС.

Құрбанәлі ШАХАБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.