Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол құрылысы – жіті назарда

0 311

Жол – экономиканың күретамыры. Елдің әлеуеті жолының сапасына қарап бағаланатыны тағы бар. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі діттеген жеріңе қиналмай жетіп, уақытты үнемдеуге жақсы. Алайда бұл мәселе толығымен шешімін таппай келеді. Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында жол құрылысына айрықша ден қойылуда. Бұл тұрғыда Тараз қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылу-да.

Жуырда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһарда жүргізіліп жатқан жол құрылыстарының барысымен танысты.
Әуелі шаһар басшысы Желтоқсан көшесіндегі жол құрылысы жұмыс-тарын көрді. Қала әкімі өз сөзінде ең әуелі сапаға баса мән беру керегін жеткізді.
– Бұл көше орталықта орналас-қандықтан, көлік қозғалысы өте көп. Сондықтан жолдың сапасы жоғары болуы тиіс. Біздің әрбір жұмысымыз жұртшылықтың көз алдында. Ал бұл бізге екі есе жауапкершілік жүктейді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Бұдан кейін шаһар басшысы Қ.Сәтбаев көшесі мен Гидрокешен аумағындағы жол құрылысына аялдады. 30 жылдан бері асфальт көрмеген көше жуырда жаңа кейіпке енбек.
– Кеңес кезеңінен бері бұл аумаққа ешқандай жол төселмеген. Тұрғындарды да бұл мәселе көптен бері толғандырып келеді. Енді осы жолдың құрылысы да соған сай болғаны жөн. Халық талай уақыттан бері күткенде, кемшілікке жол беруге болмайды, – деді шаһар басшысы.
Келесі кезекте Бақытжан Әмірбекұлы Жамбыл даңғылы мен Мәмбет батыр көшесінің қиылысындағы, А.Асқаров көшесі маңындағы жол құрылыстарына ат басын бұрып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.