Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол картасын жүзеге асыру бойынша кездесу өтті

0 1  347

Бүгін Тараз  станциясындағы Желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Р.Заппаровтың  төрағалығымен және «Қазақстан теміржолы» Жүк тасымалы АҚ-ның «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының бастығы А. Сеитбенбетовтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған» Жол картасын жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар туралы теміржол ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесу өтті.

Кездесу барысында теміржолда поездардың адамдармен және малмен соқтығысуына жол бермеу мақсатында, теміржол бойына қоршаулар орнату, сондай-ақ жолаушылар поездарында, локомотивтерде, сондай-ақ вокзалдар мен перрондарда бейнекамераларды пайдалану мәселелері қаралды.

Көлік объектілерінде құқық бұзушылықтың, оның ішінде жолаушылардың жеке заттарын, сондай-ақ жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлаудың алдын алу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу қызықты әрі нәтижелі өтті. Жалпы алғанда, қатысушылар мұндай кездесулер көптеген жүйелі мәселелерді шешуге көмектесетінін, қорытындылай келгенде азаматтардың қауіпсіздігі мен мүлкінің сақталуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Тараз ст. ЖПб

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.