Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол қателікті кешірмейді

0 1  160

Талас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторлары Қаратау қаласының көшелерін патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған «Toyota camry» маркалы автокөлігін байқаған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай және бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан жүрісін жалғастырған. Дереу полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, жүргізушімен әңгімелесу барысында оның масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы себепті әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешіміне сәйкес, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұдан бөлек, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өткені үшін 590-бабы 9-бөлігімен, 618-бабы 1-бөлігімен, 230-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Сондай-ақ осы күні Тараз қалалық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аумақты тексеру жұмыстары барысында қозғалыстары күдік туындатқан екі көлік тоқтатылды. Ереже бұзған 26 және 28 жастағы жүргізушілердiң медициналық сараптама қорытындысына сәйкес iшiмдiк iшкенi расталды. Автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті заңнама талаптарына қатысты қатаң шараларға қарамастан, тараздық көлік жүргізушілер мас күйінде жолға шығуды жалғастыруда. Жол ережесіне деген немқұрайлылық пен жауапсыздық жүргізушілер мен барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірiне қауіп төндіретiнiн ескертеміз. Жол қателіктi кешiрмейдi. Сондықтан Жамбыл облысы Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.