Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоба аясында жолдар жөнделуде

0 881

Сарысу ауданында жол құрылысы ерекше қарқын алуда. Айталық, биыл өңірдің жол құрылысына 639,3 млн теңге бөлініп, 11 жол жөндеу жобасы қолға алынған болатын.

Атап айтқанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша Шағалалы ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар 9,2 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 10 жоба бойынша Саудакент, Жаңаталап, Ұйым, Жайылма, Тоғызкент, Игілік ауылдарындағы ішкі жолдарға асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, көлік қозғалысына берілді. Сонымен қатар қосымша Қаратас ауылындағы 1,5 шақырым Қаратас көшесін орта жөндеуге 53 302 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігер анықталды.
Айта кету керек, аудандағы барлық автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі – 535,47 шақырым. Оның ішінде облыстық мәндегі жолдар – 281,8, аудандық мәндегі жолдар – 64,87, елді мекендердің көшелері 188,8 шақырымды құрайды.

Жанерке ЖАНҰЗАҚ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.