Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жириновскийдің Украина пішініндегі тортты кескен видеосы қайтадан тарады

0 936

Ресейдегі Либерал-демократиялық партияның жетекшісі Владимир Жириновский Украина картасының пішінінде пісірілген тортты саяси сөз араластыра отырып пышақпен бөлді деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Саясаткер тортты кесіп жатып, «оның аумағының көп бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі болуы керек» деді.

Видео 2019 жылы 27 сәуірде Twitter-де жарияланған.

«Біз Украинаның батыс аймағын, үштен бірін өздеріне қалдырамыз. Қалғаны – Оңтүстік-шығыс Ресей. «Кіші Ресей» және «Новороссия», – деді тортты кесіп жатқан В. Жириновский.

Үш жыл бұрын жарияланған бұл видеоның қайтадан таралуына қазіргі сәтте Украина даласында болып жатқан оқиғалар себеп болса керек.

Еске салсақ, саясаткер биылғы ақпан айында ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Кейін оның ем алып жатқаны хабарланды. Содан бері оған қатысты тың деректер аса көп айтыла қойған жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.