Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жібек жолы ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

0 392

Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен 2025 жылдың 16 сәуірінен бастап Диас Әжіман Жібек жолы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Диас Қыдырәліұлы 1996 жылғы 19 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2018-2019 жылдары Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының есеп технигі болып бастап, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Құқық қорғау жүйесін, қорғанысты және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасының сарапшысы, 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.