Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары судан жаппай уланды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Комитетте хабарланғандай, Сарқан ауданына санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Санитариялық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және эпидемиологиялық мониторинг 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 2022, коммуналдық шаруашылық объектілерін бақылау және қадағалау департаменті судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
«Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері нормаға сәйкес келеді. Сондай-ақ тұрғындардың улану туралы шағымдарымен аудандық ауруханаға жүгінбегенін хабарлаймыз», – деді комитет.
Комитет сонымен қатар тұрғындарға жалған ақпаратқа сеніп дүрбелеңге түудің қажеті жоқ екенін ескертті.
«Тек ресми дереккөздерден сенімді ақпаратты оқыңыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін еске саламыз», – деп толықтырды комитет.