Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының (кезектен тыс он төртінші сессия) шешімі

0 546

Тараз қаласы                                                                №14-2                                                                    2022 жылғы 20 сәуір

Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№10-3 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26217 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 68 618798 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 18 237660 мың теңге;
cалықтық емес түсімдер – 380 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 10 237 078 мың теңге;
трансферттер түсімі – 39 764060 мың теңге;
2) шығындар – 83 586084 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 195 000 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 195 000 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) –-15 162 286 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 15 162 286 мың теңге:
қарыздар түсімі – 24 123 829 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 561 529 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықта- ры – 599 986 мың теңге».
2 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2022 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 851238 мың теңге сомасында бекітілсін».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.