Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жерлестер жеңіспен оралды

0 203

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа тараздық ұстаздар да қатысып, жүлделі бірінші орынмен оралды.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Спартакиада ойындарында ұстаздар волейбол, баскетбол және кіші футболдан өзара мықтыны анықтады. Республиканың барлық облыстарын қамтыған жарысқа 600-ге жуық ұстаз қатысты. Олардың басым бөлігі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Кіші футболда ФИФА бекіткен халықаралық ережеге сай командалар жеребе тарту рәсімі арқылы анықталды.
– Жалпы жарысқа қатысушылар төрт топқа бөлінді. Біздің топта Алматы, Ақтөбе, Атырау құрамалары болды. Он төрт аймақтан келген үміткерлерден жартылай финалға төрт топ өтті. Онда Қостанайды 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алдық. Финалда Ақтөбе құрамасымен кездесіп, жеңіске жеттік. Сонымен қатар біздің жігіттер «Үздік ойыншы» мен «Үздік қақпашы» аталымдарына да ие болды, – деді қалалық №27 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дамир Маратұлы.
Кіші футбол қорытындысы бойынша бірінші орынды Тараз, екінші орынды Ақтөбе, ал үшінші орынды Қостанай құрамасы еншіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.