Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер-жердегі өрт диверсия ма? Депутаттар не дейді?

0 183

Қостанайда басталған өрт еліміздің бірнеше өңірінде жалғасты. Бұған қатысты қоғамның пікірі де саналуан. Тіпті, диверсия деп жатқандар бар. Соған қатысты Экспресс К тілшісі Мәжіліс депутаттарының пікірін білген еді. 

Мысалы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бәрі де мүмкін екенін айтты.

Қолдан ұйымдастырды дегенге келсек, бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және құқық қорғау органдары жауабын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан оның шешімін күтейік, — дейді Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов / ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Ерлан Қошанов / ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ал депутат Еділ Жаңбыршин қыркүйек айында осындай өрттің лаулап кеткеніне сенбейді. Ол қазір шілде немесе тамыз емес. Көп жерде күн суыта бастағанда осындай көлемді өрт болуы мүмкін емес. Сондықтан ақ-қарасын құқық қорғау органдары тексерсін деп отыр.

Қазақстанның 6-7 облысында өрт болып жатыр. Шынында сарапшылар диверсия бар дейді. Мемлекетке қастандық жасап жүрген адамдардың әрекеті дегенді де естіп қалдым. ҰҚҚ, ішкі істер органдары мәселелердің бәрін анықтауы тиіс,— дейді Еділ Жаңбыршин.

Еділ Жаңбыршин
Еділ Жаңбыршин

Депутат әдейі ұйымдастырылуы мүмкін дейді. Дегенмен, ақ-қарасын тиісті органдар анықтауы керек екенін айтты.

3 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы тойлана басталғанда Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарындағы орман өртене бастады. Өрт 43 мың гектарды қамтыды.

Облыстағы орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.

Одан кейін Шығыс Қазақстан, Түркістан облысы Жетісай ауданы, Алматыдағы базар өрті, Атыраудағы өрттер қосылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.