«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №3223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы №3283 2025 жылғы 27 қараша
Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №3223 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
мына:
«2) Аширхан Орумбаевич Сулейменовтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №246 мекенжайда орналасқан нысаналы мақсаты тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0491 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-915) жер учаскесінің 0,0198 га бөлігі;» деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Аширхан Орумбаевич Сулейменовтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №246 мекенжайда орналасқан нысаналы мақсаты тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0491 га (кадастрлық нөмірі 06-097-049-915) жер учаскесі;».
2. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Исабеков