«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы №4452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы №3284 2025 жылғы 27 қараша
Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы №4452 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
мына:
«3) Тимур Секенович Оспановтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №271 мекенжайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,1262 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-193) жер учаскесінің 0,0243 га бөлігі;» деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Тимур Секенович Оспановтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №271 мекенжайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,1262 га (кадастрлық нөмірі 06-097-045-193) жер учаскесінің 0,0260 га бөлігі;».
2. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Исабеков