Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы №685 2 сәуір 2025 ж.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Алтаевтың 2025 жылғы 16 қаңтардағы №ПР-4027 және 2025 жылғы 2 сәуірдегі №ПР-31959 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының орталық бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында сквер және балалар ойын алаңын салу үшін төмендегі жер иеленушілердің жер учаскелерімен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
1) Меруерт Халыкамановна Каражигитованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Төле би даңғылы, №8 «Б» жайда орналасқан нысаналы мақсаты үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0475 га (кадастрлық нөмірі 06-097-006-1185) жер учаскесі;
2) Талгат Пернебекович Сембаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Жамбыл даңғылы, №1/26 жайда орналасқан нысаналы мақсаты үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) құрылыс салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0600 га (кадастрлық нөмірі 06-097-019-928) жер учаскесі;
3) Макпал Бастаровна Маханованың уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, «Мыңбұлақ» шағынауданы, №66 «А» жайда орналасқан нысаналы мақсаты үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0044 га (кадастрлық нөмірі 06-097-030-1469) жер учаскесі;
4) Фахриддин Эркимбаевич Бердыбаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Қапал батыр көшесі, №1 жайда орналасқан нысаналы мақсаты тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0248 га (кадастрлық нөмірі 06-097-005-301) жер учаскесі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 – деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Н.Бекежанов) меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Н.Бекежанов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Алтаев) меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2027 жылдың 2 сәуіріне дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Исабековке жүктелсін.
Қала әкімі Б.Орынбеков