Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер астындағы жылыжайда алуан түрлі гүл өсіруде

0 197

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жамбыл Ақпарат (@jambyl.aqparat)

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Айшабибі ауылының тұрғыны Диар Бекислам ерекше кәсіпті ашты. Ол облыста алғашқылардың бірі болып, жер астынан жылыжай соғып, 6 соттық жерге әсем гүлдер екті.
Мұнда газания, петуния, бархат, лалагүл сынды гүлдердің сан алуан түрі бар. Оларды 2-3 ай баптап, өсірген кәсіпкер алдағы уақытта алғашқы өнімдерін 1 сәуірден бастап, өткізуді жоспарлап отыр.
Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновтың мәліметінше, «Ауыл аманаты» жобасы 2019-2023 жылдары аралығында ауданға қарасты 6 ауылдық округте жүзеге асса, 2024 жылдан бастап, кез келген ауыл тұрғыны 2,5 пайызбен несие алып кәсіп ашуға мүмкіндіктері бар. Соңғы екі жылда 106 жоба ұсынылды. Оның 32-сі ауыл шаруашылығы, 72-сі кәсіпкерлік бағытында. Жоба аясында ауданда ауласында ашылған жылыжай кешендерінің саны артқан. Сонымен қатар тігін цехы, сұлулық салоны, жиһаз цехы, тіс емханасы және басқа бағыттағы жобаларға несиелер берілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.