Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде

0 53

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл біздің жас мемлекетіміздің беделіне орасан зор нұқсан келтіретіні белгілі.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық. Себебі қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек», – деген болатын.

Бұл бағытта Тараз қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда облыс орталығындағы жергілікті атқарушы органдарда барлығы 166 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жыл басынан бері 32 іс-шара бекітіліп, оларға 2100-ге жуық адам қамтылды.

Атап айтсақ, 25 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасымен бірігіп Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам індеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев Жамбыл облысы мемлекеттік күзет қызмет басқармасында кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты челлендж ұйымдастырылды. Шара жастардың бойында парасаттылық, адалдық қағидаларын сіңіруге бағытталды. Сондай-ақ 30 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттеріне таратпа материалдар таратылды.

Ал 17 сәуір күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Адал ел жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу өткізді.

Жастардың бойында парасаттылық, адалдық қағидаларын сіңіру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыруға  бағытталған «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты челлендж ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 29 қараша күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясында Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз қалаларының жастар ресурстық орталық мамандарының және жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен «Парасат елшісі» республикалық байқау өтті.

2024 жылы жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік жобалардың тақырыбына «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» атты жобасына 2 000 000 теңге бөлініп, 26 ақпан күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесінде «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.

Жемқорлық сипаттарын болдырмауды насихаттауға бағытталған «JAMBYL» және «77ТV» телеарналарында 13 сюжет көрсетіліп, әлеуметтік желілерде – 32, «Jambyl-Taraz» газетінде 12 мақала жарияланды.

Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлықққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелерінде 6х3 метр өлшемінде 13 баннер ілініп, 6 медиабортқа, 3 ЛЭД экрнаға арнайы тақырыптық роликтер жарияланды.

Қалада М.Жүнісәлиев, №1 және Төле би, №55 мекенжайында «Сервистік әкімдік» ашылған. «Сервистік әкімдіктер» тиісті жабдықпен қамтамасыз етіліп, тұтынушылар үшін Wi-Fi интернет желісі орнатылған.

Қала әкімдігіне бағынысты барлық мекемелердің «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында 2024 жылға арналған бюджеттері интерактивті картаға орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау және оның себептерін жою мақсатында нақты шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізу механизмі әкімдікте кеңінен қолдануда.

Барлық мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы жоспар жасау және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырып, ішкі бақылау жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылдаған.

Әкімдік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша «дөңгелек үстел» отырыстары, семинар, түсіндірме жұмыстары тұрақты өткізіліп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылық жасағандарға қатаң жазаға тартылғандардың тағдыры туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы №03-11/03 шешіміне сәйкес, құқық түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылық туралы түсіндірме қала әкімдігінің барлық мемлекеттік қызметшілерінің назарына жеткізілді.

Бұдан бөлек, әкімдік тарпынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды орындау үшін алдағы уақытта да жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.