Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жеке кәсіпкер деркетке шыққаннан кейін МӘМС үшін жарна төлей ме?

0 63

«МӘМС туралы» Заңның 26-бабында мемлекет жарна төлейтін 15 санат айқындалған. Олардың қатарында үш жасқа дейінгі баланы/балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) бар. Аталған бапта жұмыс істемейтіндер ретінде кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адамдар белгіленген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Соған сәйкес қызметі ресми түрде тоқтатылмаған және жұмыс істеп тұрған ЖК бар декреттегі әйел жеңілдікті санатқа енбейді. Сондықтан МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс.

Ол сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ресми түрде жабуына немесе тоқтата тұруына болады. Бұл оған жеңілдік санатына енуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.