Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жазғы демалыс: Лагерьлер маусымға дайын ба?

0 470

Санаулы күндерден соң оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы демалысы басталады. Бұл балғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай туғызатын сәт.
Бүгінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қалада бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, биыл 20 792 бала мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Сондай-ақ көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының жазғы сауықтыру демалысына жергілікті бюджеттен 212 201,0 мың теңге қарастырылған. Аталған қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Берікқара» лагерінде 1 947 баланы сауықтыруға «Еламан» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған.
Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков аталған лагерьдің жай-күйімен танысты.
– Балалар үшін жазғы лагерьлердегі демалыс асыға күтетін ерекше қуаныш. Пандемиялық шектеулерге байланысты оқушылар соңғы 3 жылда демалыс орындарына бара алған жоқ. Сол себепті, биылғы жазғы демалыстың маңызы зор.
Бүгін осында арнайы келіп, лагерьдің дайындық жұмыстарын көрудеміз. Енді он күннің көлемінде балалар келеді. Сондықтан мұндағы дайындық жұмыстары жоғары деңгейде болуы керек. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігі басты орында. Осыны естен шығармаңыздар, – деген шаһар басшысы орын алған бірқатар кемшіліктерді жазғы лагерьдің жұмысы басталғанға дейін жоюды жауаптыларға тапсырды.
Қала сыртындағы лагерь жұмысы маусым айының басында басталады деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.