Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жауапкершілік жүгі ауыр

0 391

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше.
Өйткені еліміздегі саяси-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз атқарылуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.
Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын адамгершілік асыл қасиет пен тәлім-тәрбиенің талап етілетіні анық. Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Маңызы мол бастама аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласын уақыт талабына сай жетілдіріп отыруды басшылыққа алды. Атап айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15-қадамында Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру тапсырылды. Яғни мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, мемлекеттік қызмет көрсету мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру, еңбекақыны нәтиже жұмысына қарай төлеу, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесін үнемі арттырып отыру, мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу және т.б. міндеттеді. Әлбетте, бұл қызмет жүгін арқалау мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.
Халық мүддесі үшін күшін, уақытын аямай, еңбек ететін мемлекеттік қызметкерлер еңбегі орасан. Олардың бойында кәсібилікпен бірге, адамгершілік, жауапкершілікті сезіне білетін, ой-пікірін ашық айта алатын қасиеттер болғаны абзал. Жалпы барлық мемлекеттік қызметшілердің «илейтіні бір терінің пұшпағы», ол – еліміздің одан әрі гүлденуіне аянбай тер төгіп, барлық күш-жігерін жұмсау, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермей, халық игілігі үшін жауапкершілікпен қызмет атқару.

Динара Инкарбекова,
Тараз қалалық мәслихаты
аппаратының бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.