Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жат ағым жарға жығады

0 544

Тараз қаласындағы білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мектеп оқушылары мен ата-ана, педагог қызметкерлері арасында ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Айталық, мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы аптасына 1 сағаттан жалпы білім беретін мектептердің 9 сыныптарында жүргізіліп келеді. Білім бөліміне қарасты 60 мектептің 57-де аталған курспен 6484 оқушы қамтылған болса, 77 мұғалім сабақ өтеді.

Білім бөлімі тарапынан жасөспірімдердің діни экстремистік идеялар ықпалына түсуін болдырмау мақсатында түрлі діни ағымдарды ұстанып жүрген оқушыларға мониторинг жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында ата-аналарының ықпалымен 18 жасөспірім түрлі діни ағымдарға кіргені белгілі болды. Білім мекемелерінде ата-аналарының ықпалымен дін жолына түскен 18 оқушының әлеуметтік жағдайлары мен діни ағымдары туралы ақпараттар базасы құрылып, нәтижесі шығарылды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдайы бойынша толық емес отбасында – 6,толық отбасында – 7 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде, аз қамтамасыз етілген отбасы саны – 9. Түрлі діни бағыттары бойынша, Иегова куәгерлері – 3, жетінші күн адвентистері – 5, ислам – 5.
Оқу жылы барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушылары мен педагогтардың діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы мен облыстық білім басқармасы Тараз қалалық білім бөлімі арасында дәрістердің және кездесудің кестесі бекітілді. Осы кесте бойынша сала мамандары мен теолог қызметкерлерінің қатысуымен 25 білім мекемесінде дәріс сабақтары, 11 мектептің ғимаратында кездесулер өткізілді. Жалпы алғанда бұл іс-шараларға 9 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Сонымен қатар Тараз қаласында діни экстремизм көріністерінің алдын алуға және оны болдырмауға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру топ жұмыс жасайды. Құрамында білім бөлімінің басшылығы, ардагерлер кеңесінің мүшесі, облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог мамандарымен Тараз жастар орталығының психологының қатысуымен жалпы білім беретін 16 мектеп базасында 690 оқушымен кездесу өткізілді.
Оқушылар арасындағы деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу, алдын алуға бағытталған «Жастар және дін», «Өмірзая», «Алданған әйел», «Қауырт желі – 114», «Экстремизм және терроризмге жол жоқ» атты деректі фильмдерді мектеп оқушылары мен ата-аналар назарына көрсетіліп, түсіндіру шаралары өткізілді.
Тараз қалалық білім бөлімі мен облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығы тарапынан «Дін және қоғам» тақырыбында қысқа метражды 5 ролик әзірленіп, әлеуметтік желі арқылы таратылды.
Қазіргі таңда білім беру салаларындағы заңдар мен ережелердің талаптарын сақтамай, мектептің бірыңғай киім үлгісіне діни атрибутикалық сипаттағы заттарды қосып жүрген 5 оқушы бар. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11-ді құраған. Сондай-ақ, ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша ата-аналар жиналыстарында және ағымдағы жылдың ақпан айында ұйымдастырылған «Құқықтық білім беру» айлығы барысында тиісті жауапкершілік қарастырылғандығы туралы ақпараттармен таныстырылды. Бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстар білім беру ұйымдарының интернет ресурстарына орналастырылды.
Алдағы уақытта да білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған іс шаралар өз жалғасын табатын болады.

Раушан Қожамжарова,
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.