Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасыл желек – жердің көркі

0 79

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы –үнемі күн тәртібіндегі мәселе. Осыған орай «Біз біргеміз» монументі маңындағы саябаққа «Жасыл желек – жердің көркі» экологиялық жобасы аясында тал отырғызылды.

Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков те қатысып, өз үлесін қосты. Сондай-ақ акцияға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.
Осы күні №14 ықшамауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көпжылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.
Бұл талдардың барлығы – Тараздың климатына бейім ағаштар.
Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішін-ара жүргізілді. Алдағы уақытта осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарлануда.
Қаланы көріктендіру, көгер-іштендіру жұмыстары бұдан кейін де жалғасын табады.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.