Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жасыл ел» жасақтарының еңбегі ерен

0 271

Жастар – еліміздің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Бүгінде жастар ұйымдары барлық игі істердің басынан табылуда. Солардың ішінде «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын айрықша атап өтуіміз керек. Мемлекет тарапынан аталған еңбек жасағына айрықша көңіл бөлінуде.

Бүгінде қала жастарын жұмыспен қамтамасыз етіп, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 350 жасты уақытша жұмыспен қамту көзделген. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жұмысы жыл соңына дейін, яғни 8 ай мерзімге созылады. Ілкімді істердің нәтижесінде қазіргі таңда 143 жас жұмысқа орналасты. Оның 5-і NEET санатындағы жастар. Күніне 8 сағаттық уақытша жұмыспен қамтылатын жастардың бір айлық жалақысы 70 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының сарбаздары қаладағы саябақтар мен көшелердің күл-қоқыстарын тазалаумен қатар, қала өмірінің гүлденіп дамуына да өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, Қ.Рысқұлбеков, «Жастар» аллеясы, «Жеңіс» саябағында жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда «Қарасу 2» каналының жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Гүлназ Есенғалиқызы,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі
саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.