Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жасыл ел-Тараз» жылыжайында 1 миллионнан астам гүл өсіріледі

0 352

Тараз қаласын жасыл желекпен көмкеруге ерекше ден қойылып отыр. Бұған қажетті барлық жағдай жасалған.

Айталық, қазіргі таңда «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жылыжайында 1 миллионнан аса түрлі гүл ұрығы өсірілуде. Бүгінде оның 400 мыңы өніп шыққан. Енді бұл көрсеткішті апта сайын 70-80 мыңға дейін жеткізу көзделуде. Сондай-ақ жылыжайда 30-дан астам білікті маман гүл ұрығын жетілдіру, өсіру, күтіп-баптау секілді жұмыстармен айналысуда.

Жалпы биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде. Оның 5000 шаршы метріне сәуір айында отырғызылмақ. Бұған қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл егіледі. Сондай-ақ, біржылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі Абай, Төле би көшелеріне, Жамбыл даңғылына, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелеріне және үлкен көше қиылыстарына егіледі.
Шаһар аумағында отырғызылған жасыл желектерді, көгалдар мен гүлдерді суғарып, күтіп баптау мақсатында 22 дана суқұйғыш арнайы автокөліктері және 40-қа жуық су ұңғымалары жұмылдырылады. Аталған жұмыстарды орындау үшін биылғы жылы қосымша 12 дана су ұңғымалары орнатылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.