Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жастықтың айнасы, уақыттың үні

0 424

Айбек КАДРАЛИЕВ,
Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры

Биыл облыстық «AR-AI» жастар газетінің жарық көргеніне 20 жыл толып отыр. Бұл – бір басылымның ғана емес, тұтас жас ұрпақтың ойы мен үніне айналған ерекше мерейтой. Жиырма жылдық тарих – талай ізденістің, шығармашылық еңбек пен жаңашыл бастаманың жемісі.
«AR-AI» газеті алғаш рет 2005 жылы еліміздің жаңа белеске көтерілген кезеңінде, қоғам өмірінде жастардың рөлі айқындала түскен уақытта жарыққа шықты. Сол кезден бастап басылым аймақ жастарының сенімді серігіне, азаматтық көзқарасын қалыптастыратын, арман-мұратын айқындайтын рухани алаңына айналды.
Жиырма жыл ішінде «AR-AI» газеті мыңдаған жасқа шабыт сыйлап, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Газет беттерінен ел дамуына үлес қосып жүрген жас кәсіпкерлер, өнерпаздар, спортшылар мен белсенділердің бейнесі көрініс тауып, олардың жетістігі көпке үлгі болды.
Бүгінде «AR-AI» – тек ақпарат құралы емес, ол – жастар саясатын насихаттаудың, жас буынды қолдаудың, қоғамдық сана мен мәдениетті қалыптастырудың маңызды тетігі. Газеттің әр саны заманауи көзқараспен, тың оймен, батыл пікірмен ерекшеленіп, жаңа буынның талабына сай жаңарып келеді.
Мерейтойға орай газет ұжымын осы айтулы белеспен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
Жасампаздық пен жаңашылдықтың жарқын үлгісі бола білген «AR-AI» газетінің оқырмандарының ықыласы үзілмесін! Мерейтой құтты болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.