Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар жат ағымнан аулақ болсын!

0 611

Жастардың теріс діни ағымдарға тартылуының өте өзекті мәселесінің бірі – әлеуметтік мәселе. Данышпан Абай атамыздың көзімен қарағанда «қарны аш адамның көңілінде ар, ойында ақыл болмайтынын» бүгінгі орын алып келе жатқан діни ахуалдан көргендейміз. Дегенмен ешбір мемлекет әлеуметтік-экономикалық мәселелерін толық шеше алған емес. Қазақстанның да өзіне тән қиындықтары жеткілікті, ол мәлім жағдай және белгілі бір дәрежеде қалыпты құбылыс. Зерделі оймен зер салып қарасақ, бұл көзқарастың да мәні мен маңыздылығы орынды мәселе.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде өркендеу жолында іргелі әлеуметтік реформалар жасалынып келді. «Мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек. Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек», – делінген «Қазақстан-2050» Стратегиясында. Ендеше, мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдау жауапкершілігін сеніммен жүзеге асырып келе жатқанына сеніміміз мол болуы тиіс.

Абзал Есіркепов,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.