Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар – ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі

0 158

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси реформалардың құқықтық негізіне айналды. Енді осы өзгерістерді толықтай жүзеге асыратын нақты бағыт-бағдар керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы мемлекеттік және қоғамдық жүйенің осы сұранысына толық жауап берді.

Шындығына келсек, халық  референдумнан кейін елдің алдағы даму бағдары айқындалатын басты құжаты –  Президент Жолдауын күткен еді. Жолдауда мемлекеттің саяси-экономикалық тұрғыдағы түйткілдерінің шешімі айқындалады, нақты мақсат-міндеттер белгіленеді. Жолдауда айтылған мәселелердің басым көпшілігі қоғамда талқыға салынған еді. Соңғы жағдайларға байланысты нақты шешімдер мен тапсырмалар тиісті мамандарға бекітілді. Ұсыныстар айтылды. Президент жолдауынан жастар хабардар болуы керек. Осы мақсатта  «Экономика және құқық» факультетінің «Экономика», «Қаржы және есеп», «Менеджмент» кафедраларының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер отырысы өтті. Президент Жолдауын талқылау іс-шарасының модераторы «Экономика» кафедрасының PhD Абильдаев Сұлтан Таласбайұлы болды. Ол Жолдаудың негізгі ойлары туралы айтып, әлеуметтік –экономикалық тұстарын әңгімеледі.

    

Кездесуге «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМКК Жамбыл облысы филиалының бейіні бойынша докторы, профессор Бекмұхан Жұмаханович Ахметов қатысты. Бекмұхан Ахметов Жолдаудағы студенттерге қатысты сұрақтарға толығымен ақпарат беріп, сұрақ жауаптар орын алды. Сонымен  бірге кездесуге келген оқытушылар мен студенттер өз ойларын білдіріп, Президент Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті.

Дулати университетінің «Экономика және құқық» факультеті,

 тәрбие жөнінде декан орынбасары Жазира ТЕҢІЗБАЕВА.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.