Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші

0 199

Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін жігерлі, дарынды білімді жастарымыздың орны бөлек. Ал барлық қайрат, жігер, еліміздің болашағы жастардың, яғни, біздің қолымызда. Елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, осы мақсатты назарға алып, жоғары білім алып, жан-жақты ғылыми — іздестіру жұмыстары бағытында жұмыс жасау керек.

Қоғамның негізгі өзегі – саналы да білімді ұрпақ. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқандай: «Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы». Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қою қажет. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елдің гүлденуіне жұмсап жатыр.

Ең алдымен, туған елімізді шексіз қадірлеп, оған адал және табанды қызмет етіп, нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Бұл елімізді жаңғырту үшін аса маңызды деп ойлаймын. Біз заманауи инновациялық IT- технологиялардың барлық мүмкіндіктерін, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды өзіміздің дамуымыз және мақсатқа жетуіміз үшін белсенді түрде пайдалануымыз қажет.

Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі-сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударуы, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

Алпысбай Азамат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты,

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының 1 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.