Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар ұйымы өз үміткерін Президент сайлауына ұсынды

0 650

«Qazaqstan Team» республикалық жастар ұйымы активінің жиналысы өтіп, жұмыс жоспарлары және алдағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы сұрақтар қаралды.

Басқосу барысында  «Qazaqstan team» республикалық қоғамдық жастар ұйымының активі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидатурасын  ұсынды.

«Ол тәжірибелі мемлекеттік саясаткер. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған реформалар курсы бүгінгі күннің шындығына бұрынғыдан да сәйкес келеді, олар ұлттық қауіпсіздікті, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдеседі, білім беру саласына және барлық басқа салаларға әсер етеді», – деді Qazaqstan team республикалық қоғамдық жастар ұйымының басшысы Олжас Сүлейменов.

Құрмаш Қаптағай

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.