Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастарға жайлы жатақхана қажет

0 196

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын аралап, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 516 орындық жатақханасының құрылысымен танысты.

Мердігер «ПИКО» ЖШС нысанды ағымдағы жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мұнда 60 жұмысшы еңбек етуде екен. Ғимаратқа жылу, электр желісі және орталықтандырған су құбыры тартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Аймақ басшысы нысанды аралап көріп, кем-кетіктерді реттеп, уақыт созбай тапсыру бойынша жауаптыларға міндет жүктеді.

Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы Қаратай Тұрысов көшесіндегі (№5) құрылысы ұзақ жылдан бері аяқсыз қалған нысанның жай-күйіне қанықты. Облыс әкімі тиісті тұлғаларға бір ай уақыт ішінде мұндағы құрылыс жұмыстарын қайта қолға алып, тезірек аяқтау керектігін ескертті.
Зербұлақта жаңа
кешен құрылады

Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық қан орталығының қызметімен танысты. Қан және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу және құю жұмыстары атқарылатын орталықта бүгінде 118 қызметкер жұмыс істеуде. Сондай-ақ аймақ басшысы облыс орталығының жасыл белдеуін кеңейту жұмыстарының барысын да тексерді.

Шаһар аумағында жыл сайын жүздеген ағаш көшеттері отырғызылады. Дегенмен дұрыс күтім мен уақытылы суару шаралары жүргізілмегендіктен, олардың көбі қурап жатқандығы анықталған. Осы орайда Нұржан Молдиярұлы қала әкімдігіне, экология департаментіне және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаланы абаттандыру мен көгеріштендіру, жасыл желек отырғызу және оларға күтім жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

– Бұл үлкен еңбекті талап етеді. Мұндай ортақ іске әрқайсысымыз барынша үлес қосуға тиіспіз. Жасыл желекті сапалы отырғызу ғана емес, оларға ұзақ уақыт тұрақты түрде күтім жасау да маңызды, – деді аймақ басшысы.
Бұдан соң облыс әкімі «Тараз» индустриалды аймағының қызметімен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 4 жоба жүзеге асырылуда. Олар: «ТВAlloysKazakh Limited» ЖК (ферросилиций өндірісі бойынша зауыт құрылысы), «Нұр Хим 2021» ЖШС (тігін өндірісі), «Нұр Хим 2021» ЖШС (аралас кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша цех құрылысы), «Асқар-Тау НС» ЖШС (асфальт-бетон қоспасын өндіру, асфальт-бетон қоспасын өндіру, битум эмульсиясы және әртүрлі фракциядағы қиыршық тас).

Келесі кезекте аймақ басшысы «Зербұлақ» демалыс аймағын қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Бас мердігер «South Holiday» ЖШС мұнда бірнеше бөліктен тұратын жаңа жайлы кешен құруды жоспарлауда. Жоба толығымен 2023 жылдың мамыр айында аяқталмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.