Тараз қалалық жастар ресурстық орталығымен ағымдағы жылы 7 әлеуметтік тапсырыс ойнатылды. Олар – «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға» бағытталған іс-шаралар өткізу, «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу, «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға» бағытталған іс-шаралар, Жастар арасында «Жайдарман» ойындарын ұйымдастыру, «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту» бағытындағы шараларды ұйымдастыру, «Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру және Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағыттары.
«Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры жоба аясында жастардың қызғушылығын арттыратын мамандықтар бойынша оқыту курстарын ұйымдастырып, 10 ай бойы кемінде 25 шәкірт мобилография мен SMM мамандығын меңгеріп шығуы тиіс.
Ал «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде 8 ай бойы қоғамдық орындарда 5 бос жұмыс орны жәрмеңкесін ұйымдастыру көзделуде.
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі жеңіп алған, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға» бағытталған іс-шаралар өткізу тақырыбы аясында есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 10 кездесу, 10 семинар-тренинг, 4 байқау, 2 рейд жұмыстары, 1000 дана ақпараттық таратпа материалдар, 3 бейнеролик әзірлеу жоспарланған.
«Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбы аясында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерін тарта отырып студенттер арасында 10 кездесу, қала аумағында 5 іс-шара (акция, марафон т.с.с) ұйымдастыру, 1 экскурсия және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен 2 кездесу, 2 байқау, айына 3 рет рейд жұмыстарын жүргізу, 1000 дана ақпараттық таратпа материалдар мен 3 бейнеролик әзірлеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 4 кездесу ұйымдастырылды.
Осы сынды өзге де бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Абзал Есіркепов,
Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры