Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасампаздықтың жарқын жолы

0 244

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр.
Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді. Бұл – жақсылықтың нышаны. Әр Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар. Негізінен қоғамдағы белсенді бастамалардың бәрін де адамның сапасы, яғни оның білімі, тәртібі мен тәрбиесі сияқты құндылықтар жүзеге асырады. Мұның бәрінің де тиісті деңгейде жүзеге асуы әрбір жеке адамға байланысты. Жолдауда айтылған «Адам капиталы» идеясы да адам сапасын арттыру арқылы қоғам дамуына үлес қосу болып отыр. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді. Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі бәсеке болғандықтан, біздің мемлекетімізде де бұл мәселе бірінші орында тұр. Ол үшін ғылымға ерекше көңіл бөліну керек. Әлемдік деңгейде дамыған барлық мемлекетте де әуелі ғылым алға озады. Мемлекет басшысы Жолдауында: «Ғылымдағы жағдайға ерекше назар аудару қажет. Онсыз біз ұлттың ілгерілеуін қамтамасыз ете алмаймыз», – дей келе, ғылымға көңіл бөлу керектігі туралы баса айтты. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз.
Сонымен қатар маңызды құжатта кадрлардың біліктілігін арттыру қажеттігін алға тартты. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздегі білікті жастардың шетелдің білімін таңдайтындығын айтты. Әсіресе, ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажеттігін жеткізді. Ол үшін Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді жүктеді.
Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға, қозғау салып, ширатуға үлкен жаңа леп береді деп ойлаймын.

Луиза НЫСАНБАЕВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
әлеуметтік-гуманитарлық ЦМК
тарих-география пәнінің оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.