Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасампаз қала – Жамбылым!

0 235

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын Тараз қаласында жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Атап айтқанда, «Туған жер» жобасы аясында: өскелең ұрпаққа өз Отанын сүюді дарыту, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мақсатында «Жаңарған Жамбылым!» атты облыстық эстрадалық әншілер конкурсының қалалық іріктеуі өткізілді.
«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасы аясында: халықтың ежелгі өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты ақындар айтысы; әйгілі этнодизайнер, республикалық «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзадақызының қатысуымен «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі ұйымдастырылды.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әндерін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында «Әнді сүйсең, менше сүй» атты онлайн байқау өткізіліп, мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі парақшасында байқау жеңімпазы Берік Жорабековтің онлайн ән кеші ұйымдастырылды.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында: халық әндерін насихаттау, жастар арасында ән өнеріне деген қызығушылықты арттыру, ұмыт болған халық әндерін жаңғырту және қазақтың музыкалық аспаптарымен орындалатын маңызды туындыларды кеңінен насихаттау мақсатында концерттік бағдарламалар өткізілді.
Төтенше жағдай уақытында қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру мақсатында қала өнерпаздарының онлайн ән кештері ұйымдастырылды.
2020 жылдың соңына дейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы Жібек жолы әуендері» атты әртүрлі аспапта орындаушылар арасындағы этно-фольклорлық фестиваль, «Тәуелсіздікке тағзым!» атты мерекелік концерт, «Әнші балапан» атты қалалық байқауы және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі
Жамбыл өңірі – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік және ұлттық деңгейде айрықша орын алған шығармалардың негізі қаланған қасиетті өңір. Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Күләш Ахметова, Арғынбай Бекбосын және т.б. қазақ зиялыларын дүниеге әкелген киелі жер.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құлшынысын арттыру және Ұлы дала жеріндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, халқымыздың отаншылдық рухының келбетін аша отырып, аса бай рухани тарихы бар ел ретіндегі түсінікті жеткізу болып табылады. «Nur Otan» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай «Коворкинг» білім орталықтары ретінде қайта құру жобасын қолға алып, барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру мақсатын алға қойды. Осы тұрғыда қаладағы Абай атындағы орталық кітапханасында, М.Әуезов атындағы, М.Шолохов атындағы және №6 кітапханада заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында «Коворкинг» білім орталықтары ашылып, шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың бірлесе жұмыс жүргізуіне мүмкіндік беретін орталыққа айналды. М.Әуезов атындағы кітапханада балалар мен жасөспірімдерге арналған кіші кино залы ашылып, көптеген тәрбиелік мәні зор кинолар мен мультфильмдер көрсетіліп, көрсетілім бойынша ой-пікірлер айтылып, әдебиеттер насихатталынады.
Кітапханаларда түрлі санаттағы адамдардың басын қосатын «Шаңырақ», «Шабыт-Вдохновение», «Айгөлек», «Ой-толқын», «Очаг», «Ақ желкен», «Бәйтерек», «Сымбат», «Әйел әлемі», «Дарын», «Асыл қазына», «Junior KZ», «Жас Отан», «Байлық» қызығушылық клубтары жұмыс істейді. Қаладағы барлық кітапханаларда ұлттық құндылықтарды насихаттауға, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілуде.
Тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төл мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттерді түсіндіру, Ұлы даланың жеті қыры әлемдік өркениетті құру мен дамытуға септік еткен ұлттық мұра топтарын өскелең ұрпаққа насихаттау және ақпараттар беру мақсатында тұрақты, дәстүрлі «Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы», «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болудың кепілі», «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болудың кепілі», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптарында кітап көрмелері, баннерлер және «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Туған жер» стендтері және «Абай – ұлттық ой-сананың асқар биігі», Жүсіпбек Аймауытовқа арналған виртуалды көрме, «Аты аңызға айналған Момышұлы», «Человек легенда», «Ұлы ерлікке – мәңгілік тағзым», «О Подвиге, Мужестве и Победе» және кітап мерекесіне орай «Этот волшебный чудесный мир» онлайн кітапханада виртуалды көрмелер ұйымдастырылып, әдебиеттер ұсынылды.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобалары аясында қазақтың ұлттық әуендерін еліміздің тарихы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін сарқылмас мол мұра – ән өнерін, ұлттық сарындағы бірегей туындыларды дүниеге әкеліп, кейінгі ұрпаққа жеткізген дара тұлғаларды оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында қазақтың ұлттық әуендерін кітапханаларда оқырмандарға тыңдату жалғасын табуда.
Жүйе бойынша «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде «Заманауи әлемдегі қазақстандық мәдениет» тарихи шеңбер, «Әлем назары қазақ өнерінде» көрме-диалог көпшілік оқырмандармен өткізілді. Іс-шара барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әрбір қазақстандықтардың көкейінен орын алып, сонау замандардағы Ұлы дала төсінде пайда болған бабалардан келе жатқан ұлттық мұраларымызды, мәдениетімізді терең тануға жаңа қырынан ұлықтауға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер бергені туралы ақпараттар беріліп, кітаптар ұсынылды.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы шеңберінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуына ықпал жасау мақсатында «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» поэзия кеші дәстүрлі түрде Абай атындағы орталық кітапханасында өткізілсе, «Абай жүрген ізбенен…» атты онлайн Абай оқулары, «Ұлы тұлға» онлайн слайд және т.б. онлайн кітап насихаттаулары оқырмандар назарына ұсынылды. Жоба аясында қазақ тарихында есімдері аңызға айналған әйгілі билер мен шешендігімен айрықша көзге түскен тұлғалардың ұрпаққа қалдырған терең мағыналы ойлары мен өнегелі істерін насихаттау мақсатында «Қазақтың би-шешендерінің асыл мұрасы», Ұлы даланың ұлы данасын ұрпаққа таныту, көш бастаған көсемдігімен, сөз бастаған шешендігімен қазақ халқының ұлы биі атанған Төле бидің жүргізген әділ биліктері мен айтқан сөздерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Төле бидің шешендік сөзі» тақырыптарында онлайн дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ғалымның дүниетанымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында әдебиеттерге дәстүрлі және онлайн түрінде библиографиялық шолу жасалынды.
«Архив-2025» арнайы жобасы шеңберінде «Тарихтың алтын қазынасы» медиа саяхат, «Елімнің тарихы» сурет көрмесі, «Архив – мемлекет тарихын сақтаушы» атты тарихи-әдеби танымдық кеш және «Тараз қалалық мемлекеттік мұрағаты» мекемесінің маманымен сұхбат көпшілік оқырмандармен өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты – «Архив-2025» жеті жылдық жобасы отандық және шетелдік архивте сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтауға мүмкіндік беретінін оқырмандарға түсіндіру. Сондай-ақ ел тарихы мұражайлар мен мұрағаттарда ғана емес, кітап беттерінде де сақталатындықтан, еліміздің тарихы туралы әдебиеттер ұсынылды. «Қазақстанның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы шеңберінде «Киелі ғимараттың құлыптаулы құпиясы» тарихи-танымдық кеш көпшілік оқырмандармен өткізілді. Іс-шара барысында әдебиеттерді оқырмандарға насихаттау арқылы көне Тараздың өркениетінен мұра болып келе жатқан Қарахан кесенесі туралы ақпараттар берілді.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Жуалы ауданының тумасы, кәсіпкер, «Бурнен ірімшік зауыты» ЖШС директоры Әбдібек Пошқаевпен «Халқына үлгі есім» атты кездесу кеші жастармен өткізілді.
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай мерейтой иелері мен олардың шығармалары, ақын-жазушылардың мерейгер кітаптары туралы әртүрлі тақырыптарда дауыстап онлайн оқулары мен библиографиялық шолулар ұсынылды. Өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыруға ықпал жасау мақсатында «Көркем сөздің тарланы» Мекемтас Мырзахметовтің 90 жасқа толуына, «Ерлікке тағзым» атты Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жылдығына және «Куба күнделіктері» мерейгер кітабының шығуына 55 жыл, қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толуына байланысты «Өмір мектебі» кітабына, Қазақстанның халық жазушысы Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ақ боз атты ару» кітабына, қаламгер Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» мерейгер кітабының шығуына 65 жыл, жазушы М.Майлин «Шұғаның белгісі» мерейгер кітабының шығуына 105 жыл, жергілікті ақын К.Ахметованың «Ақ гүлім менің» мерейгер кітабының шығуына 45 жыл, жергілікті қаламгер К.Сәттібайұлының «Шың мен шынар», «Хауа Ананың көз жасы» кітаптарына, басқа да ақын-жазушыларға арналған «Ақын жыры – уақыт сыры», «Менің таңдауым – кітап», жергілікті балалар қаламгері Пётр Дмитриевич Вотинцевтің кітаптары.
«Біз біргеміз!» акциясы аясында Қазақстан халықтарының достығын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері және оқырмандар арасында «Халықтар достығы – бірлікте» онлайн кітапхана ұйымдастырылды. Тараз қаласы тұрғындарының, оның ішінде басқа ұлт өкілдерінің құттықтаулары мен әндері жолданды. Олар: Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Орынбаева Торғын, Мадина Сағынбекова, тілші Елена Пак, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Михаил Те, ГРЭС электромонтері Бахром Асимов, мұғалім Светлана Поддубная және т.б.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекелеріне орай «Сарбаз болғым келеді…», «Ұлттық ұлан – тәуелсіздік тірегі» тақырыптарында кітап көрмелеріне шолу, «Соғыс зардабын, Жеңістің қадірін білу» тақырыптарында өлеңдер эстафетасы онлайн кітапханада өткізілді. #AtamnynAmanaty75#ruhkz хештегтерімен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты челленджге тартылды. «Біз батырдың ұрпағымыз» және Ұлы Отан соғысының ардагері Колесниченко Владимир Василевич туралы челлендж тартылды.
Мәдени мұраны сақтау және цифрландыру кітапхана жұмысының негізгі бір бағыты болып саналады. Қала кітапханаларында электронды каталогтар қорын құру, пайдаланушылардың талап-тілектерін жылдам орындау үшін қашықтан электронды қызмет түрін ұсыну жұмысы жақсы жолға қойылған. Абай атындағы орталық кітапханасында «Виртуалды анықтамалық қызмет» жобасы бойынша пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыруда қашықтан қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітапхана қорларын цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала кітапханаларында өлкетану басылымдары, яғни кітаптар мен газет беттері цифрлы форматқа көшірілуде.
«Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы бойынша Жамбыл облысының қаламгерлерінің шығармаларын насихаттау мақсатында Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде кітапханалардың кітап қорынан жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары келісімшарт арқылы цифрландырылып, электронды форматқа енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жүйе бойынша 67 атауымен 1269 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 47 атауымен 1147 дана. Сондай-ақ осы цифрланған кітаптар кітапхананың сайтында және «Инстаграм», «Фейсбук» желілеріне қойылған.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрағатынан фотоқұжаттарды цифрлау бойынша «Фотоархив» ДҚ 5176 фотоқұжаттар енгізілді.
«Жаһандағы заманауи мәдениет» жобасын іске асыру мәдени өнімдеріміз рухани құрал алдымен кітап түрінде өркендеуі тиіс деп есептейміз. Жаһандану заманында халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін, рухани құндылықтарын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, ойына дарыту, ұлттық патриотизмді өрістете келіп, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, танып білуге септігін тигізетін кітапхана екені белгілі. Рухани тәрбие беруде, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда біздің кітапханалардың рөлі өте зор.

Бақыт Тоқсанбаева,
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.