Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі

0 654

Тараз қалалық №6 кітапхананың филиалында 21 ақпан –  халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту мақсатында «Жасай бер ана тілім – қазақ тілі»  атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Іс – шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы  Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров  пен Дидар Апбасов,  №125 Білім беру Академиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан,  мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері,  Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжінің студенті Надежда Шамлидид және Тараз сервис және технология колледжінің студенті Аяна Ким қатысты.

Шара барысында қатысуылар  халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған тіліміз жайында сөз қозғап,  орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Тараз инновациялық  көпсалалы колледжінің студенттері тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлері  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»  атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынды. Көрме аясында Ахмет Байтұрсынұлының «Тілтанымдық мұрасы» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.