Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас жұбайлар дауыс берді

0 1  453

Қол ұстасып, референдумға үн қосу үшін Тараз қаласындағы №56 дауыс беру учаскесіне келген қос жұбайлардың есімі Алмас Есқараев пен Айым Бөденбай.
Жарасымды жұпты сөзге тартып едік, Алмас ағынан жарылды.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған уақыттан бастап біз осы күні өз таңдауымызды жасаймыз деп шештік. Себебі референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр. Егер халық жақтап дауыс берсе, онда ұсынылған өзгерістер моделі іске қосылады. Мен азаматтарды бұл түзетулерге оң дауыс береді деп сенемін, — дейді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.