Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасөспірімдермен жарқын жүздесу

0 232

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарына мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Болашаққа жоспар – жаңа оқу орнымен» жобасы аясында мектеп бітіруші оқушыларымен кездесу өтті.

Мектеп түлектеріне республика көлемінде беделді техникалық және кәсіптік оқу орындарының бірі – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі таныстырылып, болашақ мамандықтар таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру үшін толық ақпарат берілді. Жиын барысында өндірістік оқыту шебері Доссері Ақатаев, «Жыр жазамын жүрегіммен» клубының мүшесі Мұқағали Боранов, колледж оқытушысы Әсем Туғамбаева, сонымен қатар Тараз мамандандырылған колледжінің оқытушысы Жұмагүл Жапарқұлова, колледж студенттері Асан Маркс пен Алексей Черков оқу орындарының құрылу тарихы жайлы бейнеролик көрсетіп, колледждердің оқыту деңгейлеріне, мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзіміне тоқталып өтті. Жамбыл политехникалық колледжінің тарапынан оқу процесінен тыс кездерде жастарды тәрбиеге баулу, ой-санасын дамыту және бос уақыттарын дұрыс пайдалану мақсатында көптеген үйірмелер жұмыс істейтіні, талапкерлер үшін ең тиімді оқу орны екені айтылды.
Шара соңында колледж оқытушылары мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, болашақ маман иелерін жадынама парақшаларымен таныстырды.

Ақзам Қартабаев,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.