Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жас өнерпаздарға жол ашқан жоба

0 65

Өнер – ұлттың рухани айнасы десек, жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу – мәдениет саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатпен «Тараз таланттары» байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған шара жас өнерпаздарды іздеу және оларға қолдау көрсетуге бағытталды. Таланттылар сайысының іріктеу кезеңіне қаланың 16-35 жас аралығындағы 40-тан астам өнерпазы қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау барысында аспапта ойнау, ән айту, би билеу, өлең оқу, жүргізушілік өнер секілді бірнеше бағыт қамтылды. Әр қатысушы өз жанры бойынша шеберлігін танытып, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді.
Айта кету керек, мұндай байқаулар жас буынның шығармашылық әлеуетін арттырып, мәдени өмірге серпін береді.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.