Түркістан облысының Ордабасы ауданында енесінің атына жасырын түрде несие рәсімдеді деген күдікпен жас келін ұсталды. Несие көлемі — 880 мың теңге, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлерге жергілікті тұрғын өзіне қатысты алаяқтық жасалғаны жөнінде арыз түсірген. Оның айтуынша, жәбірленуші әйел өзінің атына несие рәсімелгенін банктен хабар келгенде бір-ақ біліпті. Аталған жайт Қылмыстың кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
«Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Келіншек енесінің атынан несие рәсімдеп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.