Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жарылуы мүмкін еді»: Қарағандыда полиция жеті адамды өрттен құтқарды (видео)

0 353

Қарағандыдағы жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Жанып жатқан ғимарат пен көрші үйден жеті адам құтқарылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда Кондитерская көшесіндегі жеке сектордағы үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер жанып жатқан үйден екі ересек адам мен екі баланы сыртқа алып шықты.

Бірақ бұл кезде өрт үйдің шатыры арқылы көрші үйге тиген болатын. Тәртіп сақшылары ол үйден 3 адамды эвакуациялады.

«Жедел басқару орталығынан жеке сектордағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Біз оқиға орнына бірінші болып жеттік. Қою түтінді көріп, бірден ішке ұмтылдық та, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығардық. Өрттің таралу қаупі болғандықтан,  көршілерді де эвакуацияладық. Тез әрекет етуге тырыстық. Себебі үйдегі газ баллондары жарылуы мүмкін еді», – деді полиция аға лейтенанты Бауыржан Түсіпбеков.

Осы уақытта облыстың ТЖМ қызметкерлері өртеніп жатқан үйге келіп үлгерді. Олар жанып жатқан үйден 27 литрлік газ баллонды шығарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.