Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

0 1  079

Жуырда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2121» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан 2 қапшық «гашиш» есірткі заты табылды. Одан бөлек, сол орыннан 2 шақырым қашықтық жерде целлофаннан екі «күркеше» жасап, 36 қап «марихуана» мен 1 қап «гашиш» есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ есірткі құралдарын илейтін екі елек тәркіленді.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты. Оның ішінде 369 келі 588 грамм «кептірілген марихуана» және 102 келі 760 грамм «гашиш» болып шықты.
– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – дейді Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.