Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарнама сауатты жазылмай, мемлекеттік тілдің мерейі өспейді

0 420

Тараз қаласында 2024 жылдың 10 қазаны мен 10 қараша күндері аралығында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» айлығы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Сыртқы көрнекі ақпарат құралдарында орын алған қателіктер бойынша нысан иелеріне және әкімшілік басқарушыларына ескертіп, әдістемелік көмек көрсетуді мақсат тұтқан зерделеу барысында кәсіпкерлерге заң талаптары көрсетілген парақшалар таратылып, бірлесіп жұмыс істеу үшін жауапты мамандардың ұялы және жұмыс телефондары, электрондық пошталары ұсынылды. Осылайша айлық аясында 3 909 нысан зерделеніп, 168 қателігі бар нысан иесіне ауызша ескерту беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Нәтижесінде, «Садыхан», «Әмір және Д» дәріханалары, «Тәтті самса» дүңгіршегі, «Вегас» көлік сату дүкені, «Найча» шай үйі, «ABC» кеңсе тауарлар мен балалар киімдері дүкені, мұсылман киімдері дүкені, «Велфикс» ұялы телефондар дүкені, «Про декор» дүкені, «Еркебұлан» ломбарды, «Упаковка» жарнама агенттігі, «Автобөлшектер» дүкені, «Рататуй» отбасылық мейрамханасы, «Кофе-кофе» кофеханасы, «Жасмин» киімдер дүкені, «Фридом» дүкені, «У Дяди Вити» дүкені мен тағы басқа да нысан иелері айлық барысында анықталған кемшіліктерді дер кезінде қалпына келтіруде. Сонымен қатар «Барыс», «Скарлетт» сауда үйлері, «Ред чери», «Башмачок», «Меркато», «Алма», «Таир», «24 сағат», «Татьяна», «Фифа», «Бэлл», «Асар» дүкендері мен «Марвен тур», «Копицентр», «Сотовик», «Копирка», «Центр пласт» орталықтары және «Сарқыт», «Мерген», «Водопад», «Жанұя», «Үміт», «Базилик», «Березка» кафелері қате орналасқан жарнамаларын мүлдем алып тастады. Жуырда аталған айлық аясында тағы да зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып, анықталған кемшіліктерді жою нәтижелеріне көз жеткізілді.
Жалпы Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан шағын және орта бизнес өкілдеріне, жарнама агенттіктеріне сыртқы көрнекі ақпараттың сауатты жазылуына, орналасуына, тағы басқа да мәселелер бойынша тегін консультациялық көмек көрсету үшін «Call-center» құрылып, жауапты маман бекітілген. 1 қаңтар мен 8 қараша аралығында аталған жедел желіге 585 жарнама беруші хабарласып, көрнекі ақпарат құралдарындағы мәтіндері зерделеніп, заң талаптарына сәйкестендірілген.
Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.