Иә, кез келген салада өз тауарын я болмаса қызметін жарнамалау үлкен маңызға ие. Онсыз еш пайда түспесі анық. Десе де өз бас пайдасы үшін көрінген жерге жарнаманы әкеп жапсыра беру басқаға жұмыс тауып береді. Себебі орынсыз жердегі жарнамалар артынша тазалық сақшыларының көмегімен тазартылып отырады. Дегенмен ол жарнама мамандарына еш кедергі емес секілді. Артынша әкеп тағы іліп кетеді.
Қаланың көркін бұзғандарға қандай шара қолдануға болады? Аялдамалар, дүкен сыртына, тіпті электір қораптары сыртына да еш қорықпастан жапсырып кете береді. Күннің суық ызғарына қарамастан оны тазалайтын тазалықшылар қырғышпен ысқылайды, содан кетпегенін мұздай сумен тағы ысады. Обал… Бұған не себеп? Тек өзін ойлайтын өзімшілдік пе? Әлде салғырттық па? Себебі жарнама арналған арнайы орындар жоқ емес қой… Бұл менің азаматтық жеке пікірім.
Айнұр ЖҰМАБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті