Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарқынай Ханайым күйеуімен екіге кеткеннен кейін, батыл образдарымен көзге түсті

0 669

Жарқынай Ханайым жеке өміріндегі өзгерістен кейін, батыл образдарымен көзге түсті. Фанаттар актриса мұндай қадамға күйеуін қызғандыру үшін барды деп топшылауда, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым жолдасымен «Рауза» телехикаясындағы сүйісу сахнасынан кейін айырылысты. Десе де, Жарқынай мен Айдар Асқарбек ресми түрде ажырасқан жоқ, әзірге бөлек тұруда. Бір сұхбатында актриса араға уақыт салып, күйеуімен қайта қосылуы мүмкін екенін айтты. Ал бұл уақытта Баян Алагөзова жиен інісіне КешYou-дің жаңа қыздарын ұсынды.

Есесіне Жарқынай образын өзгертіп, халыққа жаңа фототүсірілімнің суреттерін паш етті. Оқырмандардың бір тобы оны сынға алды.

«Ашумен қызғандырамын деп, қызығыңнан айырылмашы қыз-ау», «Тек шешінбе, саған лайық емес», «Онсыз да сені халық жақсы көреді, сол сыйыңнан айырылма, олардың деңгейіне түспе», «Ашық киінгеннен өміріңіз жақсармайды», «Қайын жұртыңызға қатты еліктеушілік бар бойыңызда», «Бұлай суретке түсіп өз абыройыңды түсіріп алма. Ана екеніңді ұмытпа», «Не болды? Жаймен-жаймен ашылып жатыр ғой көйлектерің», – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.