Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарқын жоба нәтижесі

0 245

Бүгінгі таңда Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдері өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталған бағытты дамыту бойынша Жамбыл облысында 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде барлығы 13,3 млрд. теңге қарастырылды.

Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 93,1 млрд. теңгені құрайтын 239 жоба. Жалпы сомасы 69,6 млрд.теңгені құрайтын 184 жоба мақұлданып, оның ішінде 59,2 млрд.теңгеге 181 жоба қаржыландырылды. 2021 жылы 5,9 млрд. теңгеге 28 жоба қаржыландырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.