Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарқын болашақ жауапты істерді атқарумен келеді

0 506

ӨМІРБАЯН

Мен, Садыров Байдаулет Әбукәрімұлы, 1973 жылдың 4 наурызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім.
1979 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектебіне барып, 1990 жылы аяқтадым.
Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар сельпосында жұмысшы болып бастадым.

Сол жылы Жамбыл есеп-экономикалық техникумына түсіп, 1992 жылы «бухгалтер» мамандығы бойынша аяқтадым.
1992 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар сельпосына бухгалтер болып қабылданып, 1993 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Крупская атындағы колхозға бухгалтер болдым.
1995 жылы – Тараз қаласы «Тұлпар» АҚ-на Шикізат цехына жүн жинаушы болып жұмыс істедім.
1996-2000 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғарғы білім алдым. Мамандық бойынша біліктілігім – экономист.
1997 жылы Тараз қаласы бойынша Салық комитетіне салық агенті, 1998 жылы салық инспекторы болып жұмыс атқардым.
2002-2015 жылдары – Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің бас маманы, бөлім басшысы;
2015 жылдан «Айсери и К» ЖШС директордың орынбасары, 2017 жылдан бері «KGI Invest» ЖШС директоры болып еңбек еттім.
Үйленгенмін, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмын.
«Астана» (12) мөлтакауданы, №17 үйдің тұрғынымын.

Тапсырыс беруші: №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Садыров Б.Ә.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.