Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2 563 күдікті полицияға жеткізілді

0 356

Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2 563 күдікті полицияға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 458-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 175 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 231-іне ескерту берілген), 51-іне қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 156ға жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар).

Оның ішінде 47 «Калашников» автоматы, 13 снайперлівинтовка, 6 «Сайга» карабин, 23 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 1 гранатомет РПГ,  1 шағын калибрлі винтовка, 3тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам түрлі дене  жарақаттарын алыпқазіргі таңда оның 23-і ауруханада жатыр.

15 адам қайтыс болды (2-і ПД және ҰҚКД қызметкеріқалғаны бүлікке қатысушылар).

Бүлікшілерді анықтауқұрықтау бойынша құқыққорғау органдарының (Прокуратура,  Ұлттық қауіпсіздік, Полиция қызметкерлері)  қызметкерлерінен құрылған жедел тергеутоптары тарапынан арнайы жұмыстаржалғасуда.

Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2034 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.