Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жапонияда жастарды алкоголь көбірек ішуге ынталандыру мақсатында байқау жарияланды

0 383

Жапонияның Ұлттық салық агенттігі демографиялық өзгерістерге, өмір салтына және коронавирус пандемиясына байланысты “өліп” бара жатқан алкогольдік сусындар шығару өнеркәсібін қайта жандандыру үшін жалпыұлттық “Sake Viva!» байқауын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқау 20 мен 39 жас аралығындағы аудиторияға арналған. Қатысушылар алкогольді, соның ішінде жапондық алкогольдік сусындарды көбірек тұтынуға ынталандыру жолдарын жастарға ұсыну керек. Жастарға саке, сыра, виски, шарапты тұтынуды жарнамалау қажет болып тұр. Шара 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Алкогольді ішімдіктердің ішкі нарығы демографиялық өзгерістерге байланысты қысқаруда. Туу деңгейінің төмендеуі және халықтың қартаюы, сондай-ақ жаңа коронавирустық инфекцияның әсерінен өмір салтының өзгеруі», – деп хабарлады салық агенттігінде.

1980 жылы алкоголь өніміне салынатын салық жалпы табыстың 5%-ын құраса, 2020 жылы 1,7%-ға дейін төмендеген.

Жапондық салық агенттігі болжамуынша, пандемияға байланысты адамдар қарым-қатынасты жақсарту үшін әріптестерімен алкогольді ішу қажет деген көзқарасқа сенімсіздікпен қарайтын болған.

Егер осылай жалғаса берсе, салық аударымдары үшін бұл үлкен проблема болмақ.

Financial Times газетінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі Жапонияның Ұлттық салық агенттігімен серіктестікке келмеген. Алайда рұқсат етілген алкоголь мөлшері бойынша алкоголь ішуге ынталандыру мақсатында байқауды ұйымдастыру ақылға қонымды деп есептеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.