Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жапония премьер-министрі коронавирус жұқтырды

0 440

Жапония премьер-министрі Фумио Кишиданың COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже берді. Бұл туралы жексенбі күні үкімет басшысының кеңсесі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Премьер-министр ресми резиденциясында бірінші ханым Кишида Юукомен бірге карантинге жатқызылды.

Сенбі күні кешке Кишида ханымда да инфекция белгілері пайда болған. Оның бойында аздап қызу болған және жөтелген.

Айта кетейік, Жапон үкіметінің басшысы 15 тамызда жазғы демалысқа шығып, 22 тамызда қызметіне қайта оралуды жоспарлаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.