Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жан жадыратқан жарқын кеш

Балалар ақыны Совет Әлімқұловтың туғанына – 85 жыл

0 318

Биыл балалар ақыны Совет Әлімқұловтың туғанына 85 жыл толды. Әдебиет айдынында еркін жүзген кең тынысты ақын ауылда жүріп-ақ тұтас елді мойындатып, КСРО Жазушылар одағының мүшесі атанған. Оның мөлдір де тұнық жырлары күні бүгінге дейін әр қазақтың баласының аузында айтылып жүр. Мұзафар Әлімбаев құрастырған «Шынашақ» атты балалар әдебиетінің қаймақтарын топтастырған жинаққа Совет ақынның да енуі оның қаламы қаншалықты қарымды болғанын айғақтай түскендей.

Қарымды қаламгердің мерейтойына орай Ш.Уәлиханов атындағы облыс- тық әмбебап ғылыми кітапхана «БІР ӨҢІР – БІР КІТАП» акциясы аясында «Асқақ ақын. Дара ақын. Бала ақын» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараға ардагер журналист, Жамбыл облысы ардагерлерінің «Ғұмыр-Дария» газеті бас редакторының орынбасары Болат Жаппаров, көсемсөзші-қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман және ақынның ұлы, Ақпарат саласының үздігі, белгілі сатирик Бақытжан Советұлы қатысты.
Шара барысында қонақтар қаламгер жайлы ерекше естеліктерін бөліссе, Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушылары мен кітапханашылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Кеш соңында белсенді оқушыларға кітапхана тарапынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.