Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылполитехтің жастары топ жарды

0 185

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен Меркі ауданында Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттер лигасы өтті.

Лиганың мақсаты – студенттер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, достық қарым-қатынасты нығайту. Лигаға спорттың 6 түрінен 12 оқу орнының студенттері қатысып, кім мықтыны анықтады.
Шағын футбол спорт түрінен 12 құрама команда жеребе бойынша 3 топқа бөлініп, күш сынасты. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері өз тобында теміржол колледжі, №17 Жамбыл ауданының колледжі және №9 Меркі колледжі командаларымен кездесіп, 1-ші ойында тең түссе, 2-ші ойынды жеңіп, топтан 1-ші орынмен шықты. Жартылай финалда «Парасат» көпсалалы колледжімен негізгі уақытта 2:2 есебімен тең тарқасып, пенальти бойынша 3:1 есебімен ақтық сынға жолдама алды. Финалда «Білім» көпсалалы колледжін 7:0 есебімен тас-талқан етіп, тізе бүктірді. Үшінші орын №13 теміржол колледжіне бұйырды.
Турнирдің үздік шабуылшысы болып Исатілла Ақнұр-би, үздік қақпашы Мақсат Аманжолов, үздік ойыншы Мадияр Мергенбаев танылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне орталықтың директоры Аманғали Жартыбаев арнайы дипломдар мен медальдерді табыс етті.

Алмас ҚҰРБАНОВ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.
Елнұр Ыбырайұлы, 1-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.